«Қожабақыда» жол мәселесі шешімін тапты

65

0

«Қожабақыда» жол мәселесі шешімін таптыҚазалы ауданы, Аранды ауылдық округіне қарасты 2 ауылда 2076 адам тұрады. Округ бойынша тіркелген 84 жұмыссыздың 35-і тұрақты жұмыспен қамтылып, 53-і ақылы қоғамдық еңбекке тартылған.

Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткен жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде бюджеттен 24,5 млн. теңге бөлініп, Қожабақы ауылының көшелері жөнделіп, сонымен қатар жарықтандырылды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Қожабақы ауылында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша №25 орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Екінші бағыты бойынша мал басын көбейту мақсатында несиеге ие болған кәсіпкер «Раманкұл» учаскесінен 300 гектар жер алып, жеке шаруа қожалығын ашты. Қазіргі таңда «Құлан» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы несие алуға ниеттеніп отыр. Бір жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен «Нан өнімдері цехын» орнатып, наубайхана ашты.

Бұл туралы аудан әкімі Бахыт Жахановтың тұрғындармен есепті кездесуінде жан-жақты айтылды. Сондай-ақ алдағы уақытта ҚР Президентінің стратегиялық бағдарламаларын ауылдық округ көлемінде іске асыруға, азаматтардың әл-ауқатының өсуін қамтамсыз етуге, ауылдық округ тұрғындарының тұрмыс жағдайының жақсаруына ықпал ету мақсатында жұмыстар атқарылмақ .

Жиын барысында су айдайтын сорғының қажеттігі туралы түскен ұсынысқа орай облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов мәселенің алдағы уақытта шешімін табатындығына уәде берді. Қожабақы ауылдық мәдениет үйіне ағымдағы жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал Аранды ауылындағы №97 орта мектеп қайта салынатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз