Қожалықтар жұмысы жолға қойылған

97

0

Арал. Аудан әкімі М.Оразбаев Құланды, Қаратерең, Жаңақұрылыс, Бөген, Аманөткел, Қосжар, Жетес би, Райым ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті. Өткен жылы атқарылған жұмыстар төңірегінде жиналғандар алдында есеп берген аудан басшысы еліміз үшін тауық жылы табыспен түйінделгенін жан-жақты баяндап, негізгі міндеттерге басымдық берді.

Есептік кездесу одан әрі Жаңақұрылыс ауылдық округінде жалғасын тапты. Бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылған бұл ауылда да даму байқалады. Әсіресе, қожалықтардың жұмыстары көңіл көншітерлік. Былтыр 3 бірдей шаруа қожалығы мен 1 кәсіпкер «Сыбаға» бағдарламасы аясында несие алып, мал басын асылдандыру жұмыстарын нәтижелі жүргізді, субсидия алуға қол жеткізді.

Есептік кездесу соңында ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шалбаев «Қараарық» каналын құжаттандыру жұмыстарын жүргізуді және «Жаңақұрылыс-Бекарыстанби» автокөлік жолын аудан теңгеріміне алуды, сондай-ақ, «Жаңақұрылыс-Қаратерең» бағытындағы автокөлік жолына көктем мезгілінде тазарту жұмыстарын жүргізуді сұрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз