Озық ойлы Исатай

68

0

Жалағаш ауданындағы Т.Жүргенов атындағы №123  мектеп-лицейінің түлек­тері орташа білім көрсеткіші бойынша аймақтағы алдыңғы қатарлы мектептер құрамында келеді. Осынау білім ошағынан талай озық ойлы  балалар танылып, биік белестерді бағындырып жүр. Солардың бірі 3 сынып оқушысы, ЮСИМАС академиясының студенті Исатай Жайшылық таяуда Малайзия елінде өткен ХХІІ халықаралық ментальды олимпиададан ІІ орын иеленді. Сынып жетекшісі Самал Еспанованың айтуынша, ол математика пәнінен ерекше қабілетті, осыған дейін де бірнеше білім сайыстарынан жүлделі орындарды жеңіп алған.
Айта кетейік, өткен оқу жылында ЮСИМАС орталығының мамандары аталған мектеп-лицей басшылығына хабарласып,  қабілетті оқушылардың ментальды арифметика бойынша қосымша білім алуына қолдау көрсету жөнінде ұсыныс білдірген болатын. Мектеп-лицей басшылығы ата-аналармен келісе отырып, бұл ұсынысты құптады. Нәтижесінде, облыс орталығынан арнайы мамандар келіп, ментальды арифметикадан аптасына бір рет сабақ өткізіп тұрады. Жас дарын Исатай Жайшылық осы орталықтан білім алып жатқан оқушылардың бірі. Бір жылда алған білімі бойынша осындай жетістікке қол жеткізген зейінді шәкірттің әлі де алар асуы алда!

Ғазиза ӘБІЛДА.
«Сыр бойы».

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз