Палата кәсіпкерді жазадан құтқарып қалды

48

0

Палата кәсіпкерді жазадан құтқарып қалдыОблыстық кәсіпкерлер палатасының
заңгерлері қызылордалық «НұрлыТауЛТД» ЖШС-іне 
сотта жаза қолданудан алып қалды.
Бұл
туралы сот процесінде «қорғаушылық» қызмет көрсеткен Кәсіпкерлер палатасының
бөлім басшысы Ирина Ким айтты. 
«НұрлыТауЛТД» ЖШС-і сәуір айында
Палатаға келіп, кедендік төлемдер мен салықты уақытылы төлемеді деп айыптаған Қызылорда
облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің алдында заңды мүддесін қорғау жөнінде
өтінішпен келді. Біз «НұрлыТау»-ды Жалағаш ауданының қаншама тұрғындарын
тұрақты жұмыспен қамтып отырған, оның үстіне мемлекеттік индустриаландыру
бағдарламасы аясында жұмыс жасап отырған жаңашыл кәсіпорын ретінде білеміз.
Кәсіпкердің мәселесін мұқият зерттеу барысында төмендегі жайттарды анықтадық», – дейді Ирина Ким.
2015
жылы шілде айында кәсіпкер Қытай Халық Республикасынан асфальтбетон зауытының
құрылғыларын алдырады және кеден заңдылықтарына сай келген тауардың қосымша құн
салығын есепке алу тәсілі бойынша төлейді.
Алайда
кейін белгілі болғандай ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сай
аталмыш тауар қосымша құн салығын есепке алу тәсілі бойынша төлейтін
тізілімінде жоқ болып шықты. Осы ретте, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаменті «НұрлыТауЛТД» ЖШС-нің үстінен ҚР «Әкімшілік құқық
бұзушылық туралы» Кодексінің 555-бабына сәйкес іс қозғайды. 
Істі зерттеу
барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің «НұрлыТау»-ды жауапкершілікке
тартуға мүдделі болып отырғанын білген Палатаның заңгерлері департаментке істі
Қызылорда облысы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотына жолдау жөнінде
өтініш білдірді.
Нәтижесінде сотта
кәсіпкердің мүддесін білдірген Палата сарапшылары оң нәтижеге қол жеткізе алды.
Нақтырақ айтқанда сот серіктестіктің қызметінде құқық бұзушылықтың жоқ
екендігін анықтап, оған қатысты қозғаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі
тоқтату жөнінде шешім қабылдады.   Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз