Пара алған мемлекеттік инспектор 3 жылға сотталды

49

0

Пара алған мемлекеттік инспектор 3 жылға сотталдыҚызылорда облысы Жалағаш аудандық сотында сотталушы Е. есімді азаматқа қатысты сот үкімі жарияланды.

Сотталушы Е. жол полиция бөлімшесінің тіркеу, емтихан қабылдау жұмысы тобының аға мемлекеттік инспекторы қызметін атқару барысында ресми құжаттарға жалған мәліметтерді енгізіп, 27000 теңгенің 17000 теңгесін пара ретінде алған.

Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін мойындамаса да, куәгерлердің берген мәліметтерімен және заттай дәйектермен толықтай дәлелденді.

Сот үкімімен Е-ге 4 жыл мерзiмге ішкі істер органдарында қызмет атқару құқығынан айырып, мүлкiн тәркiлеп, 3 жыл мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сотталушы Е. сот залынан қамауға жіберіліп, жазасын өтеу үшін оған түзеу колониясының жалпы режимі белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Бұл туралы Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз