Париж бен Лос-Анджелес Олимпиада астанасы болды

68

0

 

 Халықаралық Олимпиада комитеті Париж және Лос-Анджелес қалаларын 2024 және 2028 жылдары жазғы Олимпиада ойындарының астанасы етіп бекітті,  деп хабарлайды Би-би-си.

2024 және 2028 жылдардағы Олимпиаданы өткізуге Гамбург, Будапешт және Рим сияқты қалалар үміткер болды. Алайда олардың арасынан Париж бен Лос-Анджелес іріктеліп алынды. Екі қала әлемдік спорттық жарысты өткізу кезектілігін өзара келісіммен шеше алады.

Айта кетейік, аталған екі қала Олимпиада ойындарын екі рет өткізу мүмкіндігіне ие болған еді.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз