ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ «АРАЛТҰЗ» АҚ-ның ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

40

0

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ «АРАЛТҰЗ»  АҚ-ның ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫДепутаттар кезекті сапарды «Аралтұз» АҚ
кәсіпорнында жалғастырды. Ондағы жұмыс барысымен танысып, зауытта атқарылып
жатқан ауқымды шаруаларды өз көздерімен көрді.

Акционерлік қоғам республикадағы тұз қазу мен оны
өңдеу бойынша ең ірі кәсіпорын болып табылады. Зауыт жыл бойы, үздіксіз жұмыс
істейді. Мұндағы тұз қазу, оны өңдеу, қалталау, тасымалдау жұмыстарын кәсіпорын
қызметкерлері жұмыла атқарады. Депутаттар тұз шығаратын өндіріс орнының барлық
бөлімін аралап, жұмысшылармен өзара әңгімелесті.

«Аралтұз» АҚ президенті Айдынбек Тауасаров
меймандарды зауыттың тыныс-тіршілігімен таныстыра отырып, алдағы уақытта
комбинат жанынан бір цех ашуды жоспарлап отырғанын айтты. Ол үшін арнайы
құрылғылар да әкелініп қойған. Үстіміздегі жылдың наурыз айына ашылу межеленген
жаңа цехтың жұмысы өрге басса, 200 қызметкерге арналған жұмыс орны ашылады деп
күтілуде.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Құттықожа Ыдырысов
пен Бақытбек Смағұл осыдан бірнеше жыл бұрынғы өндіріс ошағында қазірмен
салыстырғанда үлкен өзгеріс бар екендігін, қайта жаңғыртылғаннан кейiн тұздың
сапасы айтарлықтай артқандығын айтып, өндіріс жұмысына оң бағаларын берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз