
Тәуелсіз еліміздің тарихи айшықтарынан көріністер қою арқылы, «өткенін білмегеннің болашағы бұлыңғар» екендігін тақырыпқа арқау қылған жас қырандықтар толағай табыстарымыздың түйінін «ЭКСПО-2017»-мен тәмамдады. Шара барысында патриоттық бағыттағы әндер шырқалып, өзге ұлт өкілдерінен құралған шәкірттер қауымы «Қазақ Елі-Мәңгілік жасасын» деген сөзді көк аспанға самғатты. Шараны түйіндеген ел ағалары мән-мағынасы мол әсерлі кездесуге мүмкіндік жасаған мектеп басшылығына алғыстарын жеткізді.