Павел Коктышев қызылордалық кәсіпкерлерге тренинг өткізді

55

0

Павел Коктышев қызылордалық кәсіпкерлерге тренинг өткіздіІсін жаңа бастаушы кәсіпкерлер
арасында жиі кездесетін пікірлердің бірі – өз ісіңді ашу үшін бірінші салық
органдарында тіркеліп, несие алу қажет деген түсінік. Бұл қадам жаңа
бастаушылар үшін ғана емес, тәжірибелі кәсікер үшін де аса қауіпті
позиция. Бизнес – маркетингтен, соның ішінде нарық пен тұтынушының сұранысын зерттеуден басталуы тиіс. Осы және өзге де маңызды қадамдар туралы бизнеспен енді ғана айналысып
жатқан кәсіпкерлерге Start up Nomad Tour аясында
Қазақстандағы Global Entrepreneurship Week негізін қалаушы және
өкілі, сондай-ақ Жас кәсіпкерлер клубының негізін қалаушы Павел Коктышев айтып
берді.

Республикаға белгілі тренерді
шақырудағы мақсат туралы Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының
бизнес-тренері Жанна Аманова «Өз ісін
бастаушы кәсіпкерлер үшін тәжірибесі жоғары кәсіби тренерлерді тарту бүгінгі
таңда қажеттілікке айналды. Біз бұл әріптестік байланыстың аймақ кәсіпкерлері
үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенеміз»,
– деді.

Оқыту курсының қорытындысымен
жобалары өміршең деп таңдалып алынған кәсіпкерлер Кәсіпкерліктің ғаламдық
апталығы аясында өткізілетін стартапшылардың көрмесіне шақырылды.

«Бүгін біз 4 жобаны таңдап алдық. Олар: онлайн оқытуға арналған алаң, кешкі
киімдерді жалға беруге арналған дүкен, ағаштан бұйымдар жасау, сондай-ақ тіс
пастасы жобалары. Аталмыш жобалар күзде өтетін көрмеге шақырылды. Айта кету
керек, қызылордалықтардың жас айырмашылықтарына қарамастан ашық, еркін,
энергиясы зор екен. Бұл табысты бизнес үшін аса қажет қасиеттер», –
деп Павел Коктышев өз ойымен бөлісті.

Павел Коктышев өткізген оқыту
курсына қатысушылардың барлығы MOST бизнес-инкубатордың дерекқорына енгізіледі.
Аталмыш дерекқорға сәйкес кәсіпкерлермен байланыс орнатылып, құнды ақпараттар
жолданып отыратын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз