Пилоттық жоба талқыланды

67

0

Пилоттық жоба талқыландыҚызылорда облысының «Достық үйі» ғимаратының мәжіліс залында Қызылорда облысы соттары судьяларының қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны» талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына «Медиацияны дамыту орталығының» кәсіби және кәсіби емес медиаторлары, нотариус және облыстық адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.
Іс-шараны ашқан облыстық соттың судьясы Шолпан Маликова Елбасының республика судьяларының VII съезі барысында төрелік етудің ең басты мақсаты тараптарды табыстыру, татуластыру мәселесіне кеңінен тоқталғанын тілге тиек етті. «Қазіргі қоғам алдына қойылып отырған маңызды мәселенің бірі – дауды баламалы тәсілдермен шешуді жолға қою, нығайту және жетілдіру. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін сот жүйесімен көптеген жұмыстар атқарылды. Талқыланғалы отырған пилоттық жоба медиацияны дамытуға үлесін қосады », – деді Шолпан Маликова.
Өз кезегінде Қызылорда қалалық сотының судьясы Камшат Садуақасова: «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасы татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейтуге, азаматтардың сот шығындарын азайтуға бағытталнған», – деп атап көрсетті. Сонымен бірге пилоттық жобамен қалалық сотта қаралған істердің барысына тоқталды.
Ал, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Рысдәулет Шамшиев: «Пилоттық жобаны іске асырудың міндеттері татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүдделілігін анықтау», – деді.
Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар пилоттық жоба аясында ұсынымдарын білдірді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз