Плита құлауынан жұмысшы қаза болды

42

0

Қызылорда. Кеше, 22 желтоқсанда Қызылорда қаласындағы жылу беру орнының бірінде плитаның құлауынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза болды. Бұл жайында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталмыш хабарламада көрсетілгеніндей, 22 желтоқсан күні сағат 16.53-те жұмыс істемей тұрған ғимаратта құрылыс шараларын жүргізіп жатқан 1970 жылы өмірге келген азаматты құлаған плита басып қалған. «Тимур және К» ЖШС-де жұмысшы болып істейтін ол сол жерде жантәсілім етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз