Полицейлер қарақшылық қылмыстың ізін суытпай ашты

53

0

Полицейлер қарақшылық қылмыстың ізін суытпай аштыКеше «Самара-Шымкент» М-32 трассасы бойында кезекті рейдтік тексеріс барысында Жол патрульдік полиция қызметкерлері Нексия маркалы автокөлігін тонау мақсатында жасалған қарақшылық шабуылдың ізін суытпай ашты.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Ішкі істер департаментінің Жол патрульдік полиция ротасы және Тасбөгет ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің бірлесекен шұғыл әрекетінің арқасында қылмыскерлер қолға түсті. Тексеру барысында жоғарыда аталған автокөлік жүргізушісі Өзбекстан Республикасының азаматы екендігі анықталып, оны бетперде киген, балға және тапаншаға ұқсас қару ұстанған белгісіз біреулер мемлекеттік нөмірлік белгісі жоқ Мерседес Бенц маркалы автокөлігімен тоқтатып, ақша талап еткені белгілі болды.

Автокөлікті қарау барысында айғақтық зат ретінде бетперде, жоғарыда аталған қару түрлері және автокөлікке тиесілі мемлекеттік нөмірлік белгі алынды. Оқиға орнында күдікті ретінде ұсталған 3 азаматтың 1994 жылы туылған Қызылорда облысы Махамбет ауылының тұрғындары екендігі анықталып, 3-уі де жасаған қылмыстарын толық мойындады. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ескерте кетерлік жайт, ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында жұмыс барысы күшейтілген жүйеде жүргізілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз