Полицейлер қылмыстық топты құрықтады

50

0

Қызылордада азаматтарды қорқыту арқылы пайда табуды кәсіп еткен қылмыстық топтың 3 мүшесі құрықталды.
Ағымдағы жылдың 17 қарашасы күні сағат 18.30 шамасында Қызылорда облысының Ішкі істер департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шиелі ауданының 33, 31, 24 жастағы 3 тұрғыны ұсталып, адамдарға физикалық күш қолдану арқылы мүлікті қорқытып талап еткендері анықталды. Тексеру барысында олардан газды травматикалық тапанша, оқтар, жиналмалы пышақ анықталып, айғақ зат ретінде алынды.
Сонымен қатар, үйіне жүргізілген тінту барысында сарайынан тапаншаның оқжатары, аңшы мылтықтары, аңшы мылтығының патрондары, табылып, айғақ зат ретінде алынды.
Қазіргі танда, аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық көдексінің 194-бабы 2-бөлігі және 287-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірынғай тізіліміне тіркеліп, күдіктілерге қатысты сотпен «күзетпен қамауда ұстау» бұлтарпау шаралары санкцияланды.
Қызылорда облысының ІІД баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз