Полицияға қол жұмсаймын деп 2 жылға сотталды

56

0

Қызылордалық азамат Қызылорда стансасы желілік полиция бөлімі қызметкеріне қол жұмсағаны үшін 2 жылға сотталды, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық сотқа сілтеме жасап. 
Сот мәліметтеріне қарағанда, облыс орталығындағы теміржол вокзалында қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғын полиция қызметкерлерінің назарына түсіп, желілік полиция бөлімшесіне жеткізілген. 
Тәртіп бұзу әрекетіне байланысты әкімшілік хаттама толтыру барысында ол тәртіпке бағынбай, полиция қызметкерінің біріне қол жұмсаған.
Қалалық сот оны кінәлі деп тауып, 1 жыл 10 айға бас бостандығынан айырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз