Жалпы, биыл «Қайсар» сапында қай футболшы қанша рет алаңға шықты? Кім неше гол соқты? Ескерту жөнінен қай футболшы алда тұр? Осы және өзге де статистикаларды төмендегі кестеден таба аласыздар.
«Қайсар» сапында ең көп ойын өткізген – Кирилл Прядкин. Барлық кездесуде негізгі құрамда алаңға шыққан қақпашы, тіпті биылғы ел чемпионатында бірде-бір ойын жібермей, алаңда барлық минутты өткізген жалғыз футболшы. Рас, «атыраулық» Милош Трифунович пен «жетісулық» Сергей Шафф та биыл барлық матчқа қатысты. Дегенмен, екеуі де оқта-текте алмасып отырған болатын. Ал «Қайсарда» Прядкиннен кейін 30 ойынмен Мамуту Кулибали тұр.
Ескерту қағаздары жөнінен «Қайсарда» Рахымжан Розыбакиев командаластарынан оқ бойы озық тұр. 28 ойында алаңда 1671 минут өткізген ұлттық құрама ойыншысы осы аралықта 8 мәрте сары қағаз алып үлгеріпті. Салыстырмалы түрде айта кетейік, ескертулерінің көптігі жөнінен командада екінші орында тұрған Мамуту Кулибалидің еншісінде 5 сары қағаз бар. Дегенмен, өзге клубтардағы әріптестерімен салыстырғанда Розыбакиевтікі соншалық та көп емес. Мәселен, «Ертіс» ойыншысы Альмир Мухутдиновті төрешілер 11 рет жазалаған. Бір қуанарлығы, биыл «Қайсарда» алаңнан қуылған ешкім жоқ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!