«Прогресс МС-04» жүк кемесі ХҒС ұшырылады

38

0

«Прогресс МС-04» жүк кемесі ХҒС ұшырылады Байқоңыр ғарыш айлағында «Прогресс МС-04» көліктік жүк кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне «Энергия» ресейлік ғарыш корпорациясының баспасөз қызметі.
«Энергия» РҒК мамандары кемеге сығымдалған газ бен отын компоненттерін құю операциясын сәтті орындады, одан кейін «Прогресс МС-04» темір жол арқылы құрастыру-сынау корпусына тасымалданды және өзге де дайындық жұмыстарын жүргізу үшін стапельге орнатылды, деп атап өтті баспасөз қызметі. «Прогресс МС-04» көліктік жүк кемесі
2016 жылдың 1 желтоқсанында Байқоңыр айлағынан ұшырылады және халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүк жеткізеді.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз