Прокурор сағаты

49

0

Қызылорда гарнизонының әскери прокуроры әділет майоры Қасен Жүсіпұлы
Рахматулин ҰҚК Шекара қызметінің 2019, ҚР ІІМ-нің Ұлттық Ұланы 5547
әскери бөлімдерінің оқу – орталықтарында болды. Мақсаты: Отан қорғаушы
сарбаздармен кездесіп, «Прокурор сағаты» аясында дәріс оқу.
Дәріс барысында: «Әскери қызметтегі әскери прокуратураның мақсаттары мен міндеттері», «Әскери қызметшілер арасындағы жалпы әскери жарғыларда айқындалған өзара қарым-қатынас ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілігі», «Әскери қызметшілердің қылмыс жасағаны үшін жауапкершілігі» тақырыптарына кеңінен тоқталды.
Майор Қ.Жүсіпұлы: жас сарбаздарға, әрбір әскери бөлімдерде сенім телефондарының бар екендігін айта кетіп, кез-келген жағдайда құқықбұзушылық салдарына жол берілмейтіндігін жеткізді.
Сонымен қатар, жеке құрамның әскери қызмет жағдайымен қанағаттануын және жеке құрам арасында жалпы әскери жарғыларда айқындалған өзара қарым-қатынас ережелерін бұзу деректерін анықтауға арналған жасырын сауалнама өткізіп, бөлім басшылығына сауалнама нәтижесі бойынша жас толықтырылымның әскери қызметін атқаруға дайын екендігін, жеке құрам қызмет жағдайымен қанағаттанатын және жарғыдан тыс қарым-қатынас орын алмағанын жеткізді.
Әскери прокурор жас сарбаздармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаратын әскери бөлім басшылықтарының, соның ішінде рота командирлері, тәрбие жұмыстарының официрлері, әскери психологтардың есептерін де тыңдады.
Кездесу соңында, оқу орталығының аумағымен танысып, сарбаздардың сабақ өткізілетін сыныптарын, асханасы мен демалыс бөлмерімен танысып оң бағасын берді.
Қызылорда гарнизонының
Әскери прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз