Прокурорлар мектептерде смартфон ұстауға тыйым салуды ұсынды

41

0

Прокурорлар мектептерде смартфон ұстауға тыйым салуды ұсындыҚызылорда облысының прокуратурасы «Білім беру мекемелеріндегі
құқықбұзушылықтардың алдын алу» жобасын жасақтады. Бұл туралы
ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Бірінші кезекте ол білім
беру орындарында криминогендік ахуалды жақсартуға, мектептерді
бейнебақылау камераларымен және мектеп инспекторларымен 100 пайыз
қамтамасыз етуге, тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға, соның ішінде
оқушылар мен оқытушыларға смартфон қолдануға тыйым салуға бағытталған», –
делінген хабарламада.

Мысалы, смартфондарға тыйым салу мәселесінде,
мектеп ережелерінде оларды қолдануға шектеу енгізу қарастырылған.
Мектептерде тек «қоңырау шалу/жауап беру/СМС» функциялары бар телефон
ұстауға рұқсат ету көзделуде.

«Себебі смартфондарды қолдану білім беру процесіне
кері әсерін тигізеді және ең қорқыныштысы – смартфондар балалардың
рухани және адамгершілік тұрғыда дамуына кері әсерін тигізетін
интернетке шектеусіз қолжетімділік береді», – делінген хабарламада.

Облыс прокуроры Халидолла Дәуешовтің сөзі бойынша,
прокуратура қызметкерлері «ВКонтакте» желісін тексеру барысында
өзіне-өзі қол жұмсауды үгіттейтін парақшаларға 106 жеткіншек тіркелгенін
анықтаған. Мобильді байланыстың кері әсерімен қатар, мектеп
қабырғасында қымбат телефондардың ұрлығы да өршіп тұр. Негізінен,
мектептерде орын алатын қылмыстардың 65 пайызы ұялы телефондарға
қатысты.

«Сондай-ақ смартфондарды қолдануға салынатын тыйым
мұғалімдерге де қатысты болады, себебі оқу сағаттары кезінде олардың
көңілі негізгі жұмыстарынан бөлінеді», – деп жазады Қызылорда
прокуратурасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз