
Қадағалау органының өкілдері бұл заңсыздықтың аудандық аурухана тарапынан болғанын айтады. Мекеменің дәрігер-наркологы аудан тұрғынының сегіз жылдан бері диспансерлік тіркеуде болғанына көз жұма қарап, жүргізуші куәлігін алуға қажетті анықтама берген. Жалған құжатты ол өзінің туысы үшін дайындапты. Аталған фактіге байланысты қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Артур Баймаханов, Қызылорда облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры -Бұл факті бойынша Жосалы кентінің тұрғыны 2007 жылдан бастап, психикологиялық есепте тұрғанына қарамастан, аудандық аурухана қызметкерлерінен жалған анықтама берілгендігі анықталды. Аталған қылмыстық бап бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
khabar.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!