«Qamqor» қосымшасы іске қосылды

52

0

Енді кәсіпкерлер келген тексерістің заңдылығын «Qamqor» қосымшасынан біле алады. «Qamqor» қосымшасы іске қосылды
Уәде бергенімдей, біз әрбір кәсіпкер үшін қолжетімді көмекші болатын «Qamqor» қосымшасын әзірледік, деп жазды ҚР Бас прокутарурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Бағдат Мусин өзінің Фейсбуктегі парақшасында. 
«Яғни, қосымшаны өзіңіздің кез келген гаджетіңізге (ұялы телефон немесе планшет) жүктеп, тіркелесіз және тексеру тағайындалған жағдайда сіздің гаджетіңізге «Сізге тексеру ДАТА келеді» мәтінімен Push-хабарлама келіп түседі.
Хабарламаға бассаңыз, толық көрініс ашылады – тексеруші орган, тексерушінің ТАӘ, сондай-ақ тексерудің түрі, мәні және мерзімі.
Сізге тексерумен келді делік. Тексеруші 14 таңбалы тіркеу нөмірі бар тексеру тағайындау туралы Актіні ұсынуға міндетті. Сіз сол Актінің нөмірін енгізіп, барлық қажетті ақпаратты аласыз (жоғарыда айтылғандай)… және де мысалы, басқа тексеруші келсе, немесе тағайындау Актісінде көрсетілген тексеру мерзімі өтіп кетсе, онда тексеру заңсыз болып табылады!
Бұл жағдайда, сіз шағымдана аласыз, шағымды Комитеттің аумақтық органдары қарайтын болады және жағдай расталған болса, барлық мән-жайды түсіну үшін мобильді топ жіберіледі. Сонымен қатар, ең өзекті деген мәселелерді және оларға дайын жауаптарды қамтитын FAQ бар.
Қосымшаны Android, сондай-ақ iOS құрылғыларында жүктеуге болады (iOS бойынша техникалық тұрғыда барлығы дайын!, AppStore-дан растауды күтіп отырмыз – сондықтан айфонмен қолданатындарға күте тұруға тура келеді).
2017 жылдың 1-тоқсаны бойынша 34 мыңға жуық тексеру тағайындалы, оның ішінде кәсіпкерлерге қатыстысы 16,5 мыңнан астам. Тіркеу сатысында Комитет тек 250 негізсіз тексерудің жолын кесті.
Айтарым, егер бұрын тіркеуден кейін біз оның жүру процесін бақылай алмадық (мерзімінде жүргізілді ме, тексерушілер тағайындады ма және т.б.). Ал енді «Qamqor» қосымшасы тексеру процесін қосымша бақылап отыруға, сол арқылы кәсіпкерлер мен бизнесмендерді тексерушілердің заңсыз әрекеттерінен қорғауға және көмектесуге мүмкіндік береді!” – дейді Бағдат Мусин.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз