ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі боп сайланды

81

0

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі боп сайландыҚұрылғанына биыл 80 жыл толған Сыр өңіріндегі білім мен ғылымның орталығы – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті өз тарихында тағы бір асқаралы биік белесті бағындырды. Университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қылышбай Бисенов 2017 жылғы 1 маусымда өткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының Жалпы жиналысында осы академияның корреспондент-мүшесі болып сайланды.
Қ.Бисенов – отандық ғылымда техногенді және табиғи шикізат материалдарынан жаңа құрылыс материалдары өндірісінің энергия ресурс үнемдегіш технологияларын зерттеу, жасау және жетілдіру жөнінде ғылыми мектеп қалыптастырған ғалым. Ұзақ жылғы ғылыми зерттеу нәтижесінде ашылған ғылыми жаңалықтар өндіріске енгізіліп, 32 патент алынды. 11 монография, 3 оқулық, 19 оқу және әдістемелік құралы шығарылды. Сонымен қатар отандық және шетелдік беделді ғылыми басылымдарда 190-нан астам еңбегі жарық көрді.
Ол жас ғалымдарды дайындауға әрдайым зор көңіл бөледі. Бүгінге дейін 3 ғылым докторын, 7 ғылым кандидатын, 2 PhD докторын дайындады. Бүгінде бірнеше докторанттың ғылыми жетекшісі.
Қ.Бисенов өзінің бастамасымен ашылған «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлкеттік университетінің Хабаршысы» журналының бас  редакторы, «Оңтүстік Қазақстанның ғылымы мен білімі», «Наука и жизнь Казахстана» және ресейлік «Международный научный журнал» және «Международный технико-экономический журнал» сынды белгілі ғылыми басылымдардың редакциялық алқа мүшесі. Оның жетекшілігімен 40-тан астам кітап пен ғылыми жинақ басылып шықты. 
Университет басшысын отандық ғылымның қарашаңырағы – ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайлануымен шын жүректен құттықтаймыз!
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз