ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қызылорда және Шымкент қалаларында әскери бөлімдерді аралады

32

0

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Қызылорда және Шымкент қалаларында әскери бөлімдерді аралады4-5 қараша күндері Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі –
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев Қызылорда және Оңтүстік
Қазақстан облыстарында сапарда болды.

Сапар барысында пенитенциарлық
жүйені жаңғырту бөлігінде «Бес институционалдық реформаны іске асыру
жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау мәселелеріне басты назар
аударылды.

Н.Б. Ермекбаев сотталғандарды ұстайтын түрлі үлгідегі барынша және орташа қауіпсіздікті бірқатар түзеу мекемелеріне барды.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі шеңберінде
Шымкент қаласында сотталғандарды камералар бойынша ұстайтын колония
салудың проблемалары мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарымен
талқыланды.

Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы сондай-ақ құқықтық
тәртіптің кешенді күштері оқу-жаттығуының белсенді фазасын және облыстық
терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың жұмысын бақылады.

Сонымен қатар, Н.Б. Ермекбаев Қызылорда және
Шымкент қалаларындағы Қарулы Күштердің «Оңтүстік» өңірлік
қолбасшылығының және Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері
орналасқан жерлерге барды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз