Әр бүлдіршін бақытты болуға лайық

73

0

Әр бүлдіршін бақытты болуға лайық1 Маусым – Балаларды қорғау күніне орай еліміздің әр аймағында мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Балақайларымыздың меркесі қарсаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті де бүлдіршіндерді құттықтауды назардан тыс қалдырмады.
Таңертенмен Қызылорда облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған  туберкулезге қарсы санаториясы балаларын құттықтап, әдемі де әсерлі күн сыйлады.  Барлық емделуші балаларға  ХҚКО –ның Қызылорда облыстық ұжымы және қалалық бөлімдері мен кәсіподақ ұйымы атынан тәттілер мен сусындар, ойыншықтар және аниматорлық куклалармен арнайы әзірленген қойылымдар мен концерттік бағдарлама тарту етті.
Санатория балалары бұл күні сахна жұлдыздарына айналып, ән шырқап, би биледі. Іс-шараға ат салысып, белсенділік танытқан балалар дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталып, әр бала сияпатқа ие болды. Қуыршақтар театрының көріністері мен спорттық іс-шаралар, ән мен би және ең бастысы – сыйлықтар  балалар көңілінен шықты. Халыққа қызмет көрсету орталығы департментінің директор орынбасары А.Тобаева  тәрбиеленушілерге өз тілегін білдіріп, әр балаға бақытты балалық шақ пен шадыман шаттық тіледі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз