ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер Ата заңға сәйкес келеді

99

0

ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер Ата заңға сәйкес келеді 9 наурызда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы» ҚР Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін анықтау мақсатында Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысы жария етілді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ағымдағы жылғы 6 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған Заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына, соның ішінде республиканың конституциялық құндылықтарына, қызметінің түбегейлі принциптеріне, басқару нысанына сәйкестігіне қарау туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады.  
«Конституциялық Кеңес өз шешімінде 2017 жылы 6 наурызда ҚР Парламенті қабылдап, 2017 жылы 6 наурызда Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына, соның ішінде Республиканың конституциялық құндылықтарына, қызметінің түбегейлі принциптеріне және басқару нысанына сәйкес келеді деп қаулы етті», – деп мәлім етілді Конституциялық Кеңестің баспасөз қызметінен.    Енді құжат қол қою үшін Мемлекет басшысына жолданады.   
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз