ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орыбасары Нұржан Алтаев Қызылорда облысында болды

87

0

ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орыбасары Нұржан Алтаев Қызылорда облысында болды10 тамыз күні Қызылорда облысына жұмыс сапармен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбарасы Нұржан Алтаев келді, деп хабарлайды облыстағы кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметі.
11 тамыз күні жұмыс сапар аясында Нұржан Алтаев бастаған делегация «Техмаман» оқу орталығында болып, Қызылорда облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда обылсы бойынша «РҒӘО» АҚ филиалы және «Техмаман» ЖШС арасында әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Орталық қызметінің мақсаты аймағымыздағы тасымалдау, ғимарат құрылысы, автокөлік жолдарын салу және жөндеуді жүзеге асыратын мекемелер мен кәсіпорындарға қажетті жұмысшы кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру болып табылады. Осы орталықтың ерекшелігі – оның негізінде оқу ұйымдары түлектерінің кәсібі дайындық деңгейі бағалау және мамандарды сертификаттау, оқу ұйымдарының мұғалімлері мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылатын болады.
Түстен кейін Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Альтаев, білім басқармасы мен колледждер басшылығының қатысуымен Қызылорда облысының Кәсіпкелер палатасы өңірлік кеңесінің отырысы өтті.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Алтаев ҰКП бастамасымен 2014 жылының 30 сәуір күні БҒМ, ЕжХӘҚМ және ҰКП жетекші мемлекеттік институттары кәсіптік білім беру саласын дамыту бойынша серіктестік жөніндегі моморандумға қол қойылды және ТжКБ жүйесін айтарлықтай жаңғыртуға бағытталған бірлескен шаралар жоспары қабылданды. Жоспарға қазіргі кезде өзекті болып табылатын мәселелерді шешуге арналған іс-шаралар еңгізілді, атап айтқанда, оқушыларды мектеппен тікелей байланыс орнату арқылы кәсіби бағдарлау, қажетті кәсіби дайындық көлемін ұамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік құжаттама әзірлеу, дуальді оқыту аясында жұмыс істейтін білім ұйымдарына мемлекеттік тапсырысты бөлуін қамтамасыз ету, медеткерлік және ұстаздықты ұйымдастыру, еңбекақысын төлеу – осы және басқа да мәселелерді орныдау барысында бизнес өкілдері жауапкершілікті өздеріне аулға әзір.
Отырыс барысында Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік мәселелер бойынша директор орынбасары Арман Бимағанбетов қатысушыларды ҚР Ұлттық палата қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды және Қызылорда облысының адами капиталды дамыту саласындағы қызметінің презентациясын ұсынып, Қызылорда облысының ТжКБ саласының даму перспективаларын, колледждерде мемлекеттік-жеке серіктестіктің ідәстерінің бірі ретінде корпоративті басқаруды еңгізу келешегін саралады.
Сондай-ақ, білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамовтың жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл жоспары әрі облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы қажет ететін кадрларды дайындау мәселелері бойынша баяндамасы тыңдалды.
Отырыс соңында Қызылордалық индустрниалды-техникалық колледжінің Бірлескен (корпоративтік) басқару келісім-шартына қол қою рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
Жұмыс сапары барысында Палата алаңында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Алтаев және Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаровтың қатысуымен брифинг ұйымдастырылды. Спикерлер журналистердің сауалдарына толық және нақты жауап берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз