Ірі мөлшерде алаяқтық жасаған

42

0

Ірі мөлшерде алаяқтық жасағанҚызылорда қалалық сотының үкімімен азаматша Б.Ә ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, тиісті жазасын алды.
Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, аталған азаматша жәбірленуші Б.Б деген азаматшамен кездеседі. Танысы болмаса да оған «Қорқыт ата университетіне оқуға түсіріп беретін танысым бар, алдын ала 300 000 теңге сыйақысын берсең болды» деп алдау арқылы оның қаржысын алған. Осыдан кейін, жәбірленуші Б.Б деген азаматша телефон арқылы хабарласып, «оқуға түсейін деп жатырсың, студенттік билет пен әртүрлі грамоталар дайындау керек» деп тағы да алдап, 70 000 теңге сұраған. Осы ретте, жәбірленуші оқуға түскенін анықтау үшін жоғарғы оқу орнына барып сұрағанында ешқандай оқуға түспегенін, 370 000 теңгесін әлгі азаматша алдап алғанын анықтаған.Сонымен қатар, өзге де Т.Р деген азамат «1400 000 теңгеге алдын ала сыйақы берсең 9 млн теңге көлемінде кредит алып беремін деген алдауына түсіп» несие алып, жұрттан қарыз алып жинаған 1400 000 теңге ақшасын алаяққа беріп қойған. 
Осындай алдау арқылы деген азаматша аталған азаматтарға берген уәдесін орындамай, оларға жалпы соммасы 1 770 000 теңге көлемінде шығын келтірген. Қызылорда қалалық сотының үкімімен азаматша Б.Ә ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз