Өңір өмірімен таныстырды

93

0

Өңір өмірімен таныстырдыКеше Орталық коммуникациялар қызметінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы аясында Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2017 жылға қойылған міндеттері тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.
Өңір басшысы Елбасының Жолдауын жолбасшы етіп, Шығыс Қазақстан облысы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі индикаторларында  жағымды динамикамен бастағанын тілге тиек етті.Жолдаудың бірінші басымдығы – «Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы»бойынша облыста базалық салалар мен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту бойынша 10 ғылыми жоба іске асырылғанын алға тартты. Спикердің айтуынша, аталған жобалар қатарында титан, тантал бұйымдарын және медицина үшін асқын өткізгіш сымдарды, мұнай-газ өнеркәсібін әзірлеу бойынша бірегей өнімдер бар.
«Қазіргі уақытты базалық салаларды дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Ағымдағы жылғы ақпан айында Ақтоғай тау-кен өндіру комбинатында алғашқы тауарлық мыс концентраты алынды. Бақыршық тау-кен байыту кешенін игеру жобасы да жаңа технологиялардың көмегімен қарқынды жүзеге асуда. Мұнда жылына инвестиция көлемі 129 млрд. теңгеге2 млн. тонна кен өндіріледі. Бұл жоба 2018 жылы іске қосылады деп жоспарлануда» деп атап өтті Д.Ахметов.
Сонымен қатар ол, толық циклді автозауыт пен автобөлшек шығарушы технопарктің құрылысы жалғасып жатқанын жеткізді. 
Және де, Шығыс Қазақстан облысының әкімі экономиканың жаңа драйвері – ауыл шаруашылық саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтып, атқарылып жатқан жұмыстармен де бөлісті.
«Өткен жылы агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 10 пайызға артып, 46,5 млрд. теңгені құрады. Облыс сүт өндірісі бойынша республика көлемінде 836 мың тонналық көрсеткішпен көш басында тұр. Мұндағы қосалқы шаруашылықтардың үлесі 70 пайыз. Өңірде  51 сүт қабылдау пункті шоғырланған, оның ішінде өткен жылы 33 сүт қабылдау пункті ашылды. Олардың жылдық қуаты 24 мың тонна. 41 тауарлы-сүт фермалар жұмыс істеп тұр.Осының барлығы ауылдарда ұсақ шаруашылықтар мен фермалардың кооперативке бірігіп, табысты әрі заңды бизнестің дамуына жағдай туғызатын болады.  Агроөнеркәсіптік кешендебарлығы 204 кооператив құрылды.Облыстың экспорттық әлеуетін арттыру  мақсатында өнімдері өңдеу бойынша инвестициялық жобалар іске асырылып, ҚХР стандарттарын ескере отырып, қазақстандық өнімді сертификаттау зертханасын ашу мәселесі қарастырылуда.Сонымен бірге, облыстың қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, Елбасы Жолдауын сеніммен іске асырудың негізі деуге болады. Өткен жылы жалпы өңірлік өнім 104 пайызға өсті. Ішкі өнім көлемінің оңды динамикасы – өнеркәсіп өнімінің 141, ауыл шаруашылығы өнімінің 111, құрылыс жұмыстарының 144 пайызға артуы есебінен жүзеге асты.Бұл ретте, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 106 пайызға ұлғайды. Қарқынды экономикалық даму әлеуметтік саладағы оң өзгерістерге әкелді. Тұрғындардың ақшалай кірістері 115 пайызға артып, орташа еңбекақы 119 мың теңгеге жетті. Жұмыссыздық 4,9 пайыз деңгейінде сақталды» деді ол.
Даниял Кенжетайұлы өңірдің білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы бірқатар атқарылып жатқан шаруаларды да атап өтті.
«Елбасы Жолдауында білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру тапсырмасы қойылған. Облыста кембридждік жүйе негізінде тілді оқытудың заманауи әдістемесі қолданылатын үштілде білім берудің кешенді даму жоспары іске асырылуда. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің 3400 мұғалімі үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. Биыл 2,5 мың мұғалім тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру бойынша курстарда оқитын болады.Медицина кадрларын дайындау мақсатында үшжылдық Кешенді бағдарлама бекітілді. Аталған бағдарламаны іске асыру үшін жыл сайын  1,2 миллиард теңге қаржы бөлінетін болады. Ана мен бала денсаулығын сақтау, онкология, қанайланым жүйесі аурулары бойынша жұмыс істейтін 150 дәрігер үш жыл бойы қазақстандық және шетелдік үздік клиникаларда кезең-кезеңмен дайындықтан өтеді. Бірлескен шеберлік сағаттары мен ашық семинарлар өткізу үшін батыс медициналық университеттерінің үздік професссорлары мен дәрігерлерін шақыру жоспарланып отыр» деді ол.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз