ҚР Президенті: Теңгеге сенімді күшейту қажет

49

0

ҚР Президенті: Теңгеге сенімді күшейту қажетАСТАНА. ҚазАқпарат – Ел экономикасын долларсыздандыру мақсатында банктер
доллармен сақталатын депозиттер пайызын төмендетеді. Бұл туралы бүгін
Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,
реформалар, даму» атты Жолдауын арнаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
айтты.

«Долларсыздандыру тетіктерін кеңейту арқылы ұлттық валютаға
сенімнің нығаюуына қол жеткізу маңызды. Бұл мәселеде Үкімет пен Ұлттық
банк нақты ұсыныстар әзірлеуі қажет», – деді Елбасы.

Мемлекет басшысы өз сөзінде күнделік өмірге қажетті
нан мен сүтті, шұжықты, киім-кешекті тек теңгеге сатып алатындығымызды
баса атап өтті. Ал доллармен шетелден барып сауда-саттық жасайтындарға
қажет екендігін айтты.

«Депозиттерді теңгемен сақтау тиімді, пайызы
жоғары. Ал депозиттердегі доллардың пайызы өте төмен болады, бұған
банктер келе жатыр. Бұл – долларсыздандырудың бір тетігі», – деді
Мемлекет басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз