ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

34

0

ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалдыБүгін Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Бекпанов Бақытбек
Тұрсынбекұлы Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі
арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы
лауазымына тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі
хабарлады.

Бақытбек Тұрсынбекұлы 1980 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданында дүниеге келген.

2001 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
гуманитарлық университетін мемлекеттік және муниципалдық басқару, 2003
жылы Қазақ академиялық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы Қармақшы аудандық қаржы
бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2002-2005 жылдары – Қармақшы
аудандық қаржы бөлімінде бөлімше бастығы, 2005-2008 жылдары – Қармақшы
аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының
орынбасары, 2008-2010 жылдары – Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің бастығы болған. 2010-2013 жылдары –
Қармақшы аудандық кәсіпкерлік бөлiмiнің бастығы қызметтерін атқарған.

2013 жылдан осы кезге дейін Қармақшы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев басқарманың жаңа басшысын облыс активіне таныстырып, қызметіне табыс тіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз