ҚР Президентін ұлықтау рәсімі құрметіне Сыр жастары флешмоб ұйымдастырды

48

0

ҚР Президентін ұлықтау рәсімі құрметіне Сыр жастары флешмоб ұйымдастырдыБүгін Астанада 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында қайта сайланған Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті.

Осы салтанатты рәсім құрметіне Сыр елінің жастары А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің алдында флешмоб ұйымдастырды.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған флешмобқа қатысқан көңілді жастар «Мәңгілік Ел» эмблемасы бейнеленген ақ жейдеше, ақ қалпақ киіп, түрлі ұлттың билерінен көңілді билер биледі. Аталмыш флешмобқа түрлі ұлт өкілдерінің жастары атсалысты.

Флешмобтың соңы «Қара жорға» биімен аяқталды. Соңында жастар барлығы бірге «Бірлігі жарасқан – Қазақстан!» деп ұрандатты.

Шарада 150 жас қамтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз