ҚР Ішкі істер министрі Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы Ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты

36

0

ҚР Ішкі істер министрі Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы Ахуалдық орталықтың жұмысымен таныстыКеше Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция
генерал-полковнигі Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қызылорда облысына
жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс
сапары барысында Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы Ахуалдық
орталықтың жұмысымен танысты. Аталған орталықтың барлық жүйесі
ғаламтормен тіркеліп, электронды планшеттер мен жұмыс барысын пайыздық
көрсеткішпен есептеуге арналған экранмен қамтамасыз етілген. Басқа
өңірлермен тікелей байланысқа шығуға мүмкіндік те жасалған. Онан  өзге,
облыстық ішкі істер департаменті, денсаулық, білім басқармаларының
жұмысымен онлайн режимде танысуға болады. Облыстың экономикалық ахуалын
талдап көрсететін түрлі бағдарламалар да орнатылған. Мұның өзі ахуалдық
орталықтың жұмысының жоғары сапада қызмет көрсетілетіндігін  дәлелдейді.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет
Нұрмұханбетұлының Сыр өңіріндегі жұмыс сапары Нартай Бекежанов атындағы
облыстық драма театрында өткен Қызылорда облысы әкімі К.Е.Көшербаевтың
халық алдында есеп беру жиынына қатысуымен жалғасын тапты. Өңірдің
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші сараланып, облыс тұрғындарының
ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Сонан соң генерал-полковник Қалмұханбет Қасымов
Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап
құрылған жергілікті полиция қызметінің жұмысымен танысты.

Қызылорда облысындағы жергілікті полиция
қызметінінің жалпы штаттық бірлігі 1006,5-ті құрайды. Облыстық
маслихаттың кезекті 42 сессиясының шешімімен, Қызылорда облысы Ішкі
істер департаментіне  облыс бюджетінен 4 млрд. 574 млн. 346 теңге
бөлініп, оның 2 млрд. 100 млн. 812 мың теңгесі жергілікті полиция
қызметін қамсыздандыруға қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлының Сыр өңіріндегі жұмыс сапары ОІІД, қалалық
ішкі істер басқармасы, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Төтенше
жағдайлар департаменті, Көліктегі ішкі істер бөлімі сынды ішкі істер 
органдарының басын біріктіріп отырған «Динамо» дене шынықтыру-спорт
қоғамдық бірлестігінің жұмысымен танысумен қорытындыланды.

Жұмыс сапарының соңында, Ішкі істер министрі
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов полиция қоғамның өзіне деген сенімін
арттыратындай етіп жұмыс жасауы керектігін ескерте келе, Қызылорда
облысы Ішкі істер департаменті басшылығына облыс аумағындағы жедел
жағдайдың жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету және Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың ішкі істер органдарының алдына қойған міндеттерін
мүлтіксіз орындау бағытында нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз