Рамазан айындағы қайырымдылық

50

0

Рамазан айындағы қайырымдылық Қайырымдылық жасау ең ізгі қасиеттердің бірі. Қайырымдылықтың ең абзалы – мұқтаж жандардың қажетін өтеу. Бұл бағытта еліміздегі мешіттер тарапынан үздіксіз шаралар ұйымдастырылып келеді.
Биылғы Рамазан айында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті де жылдағы әдетінен жаңылмай қайырымдылық шарасын өткізді.
Дәлірек айтсақ мешіт тарапынан 200-ге жуық отбасына азық-түліктей көмек берілді. Қайырымдылық шарасы аясында бас имам Т.Омаров қатысушыларға қасиетті айдың ерекшелігі мен мешіт тарапынан ұйымдастырылатын шараларға тоқталды. Өз кезегінде көмек алған тұрмысы төмен отбасы мен аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелері ризашылықтарын жеткізді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз