Рамзан Қадыров байқоңырлық науқас қызға 10 мың доллар берді

53

0

Рамзан Қадыров байқоңырлық науқас қызға 10 мың доллар бердіРесей Батыры Ахмат-Қажы Қадыров атындағы өңірлік қоғамдық қор
Байқоңыр қаласындағы 7 жасар Элиф Нұржанованы емдеуге қаржылай көмек берді, – деп жазады «Айқын» газеті.

Бұл туралы жазбаны қыздың анасы Айнұр Нұржанова Инстаграм
әлеуметтік желісінде жариялады. «Сәлеметсіздер ме!!! Құдайға шүкір, бірнеше
минут бұрын  Ахмат-Қажы Қадыров атындағы өңірлік қоғамдық қор Элиф үшін
10500$ аударды. Бақыттымын, айтар сөзім жоқ. Құрметті Рамзан Ахматович, сізге
деген алғысым шексіз! Мейрамнан кейін нақты есеп беремін. Мереке болғандықтан
алда болатын ота мен 1 қазанда өтуі тиіс тексерілуге қатысты ресми есеп ала
алмадық. Мейрамнан кейін төленетін соманы білетін боламыз, оны сізге
көрсетемін. Альхамдуллилах, біздің ақша жинау шотымыз жабылды!» – деп жазды
қыздың анасы.

Еске сала кетейік, Нұржанованың диагнозы: ми-жұлын жарығы,
гидроцефалия, скалиоз, деп хабарлады «Грозный-информ» АА.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз