Құран кітабының ең үлкен көшірмесі жасалды

54

0

Құран кітабының ең үлкен көшірмесі жасалды Египеттің танымал суретшісі қаситетті Құран кітабының ең үлкен көшірмесін жасады, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Суретші Мұхамед Саад осы кітабы арқылы Гиннестің рекордтар кітабына енгісі келеді. Қылқалам шебері Құран кітабын дайындауға үш жылға жуық уақытын жұмсаған. Оның ерекшелігі – үлкендігінде. Құран кітабының ұзындығы 700 метр болады екен. Егер оның осы туындысы рекордтар кітабына енсе, онда бұл Құран кітабының ең үлкен нұсқасы болмақ.
Айта кетейік, әлемдегі ең кішкентай Құран кітабы Иранда жасалған. Оның ені 7 миллиметр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз