Құрбан айтта қой көтеріп сайысты

68

0

Құрбан айтта қой көтеріп сайыстыҚасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне биыл орталық
«Ақмешіт-Сырдария» мешіті ерекше дайындалды десек болады. Мешіт алаңына
қазақы нақышта киіз үйлер тігіліп, қазақы салт-дәстүр бойынша ұлттық
ойындар ойнатылды.

Арнайы тігілген киіз үйлерде жаппай халыққа арналып дастархан жайылып, тұрғындарға палау таратылды.
Сонымен қатар, қазақы күрес, қол күрес, гір көтеру, арқан тарту және қой көтеру сайыстары ұйымдастырылды.
Сайысқа белсене қатысып, жеңімпаз атанған жерлестеріміз мешіт тарапынан
арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қой көтеру сайысы – көпшіліктің қызығушылығын тудырғаны да рас. Аталмыш
сайысқа қатысушылар қатары көп болды. Қой көтеру сайысында үздік шығып,
жеңімпаз атанған азаматқа көтерген қой малы сыйға тартылды.
Одан бөлек мешіт ауласында мешіттің қыздар жамағаты тарапынан арнайы
жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде қыздар өз қолдарымен пісірген
өнімдерін саудалап, саудаларынан түскен қаржыны қайырымдылыққа арнады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз