Өңірдің индустриалды-инвестициялық дамуы айтылды

60

0

Өңірдің индустриалды-инвестициялық дамуы айтылдыҚараша айында аймақта «Байқоңыр» инвестициялық форумы өтеді. Тоғызыншы рет ұйымдастырылатын алқалы жиында өңіріміздің дамуына серпін беретін тың жобаларға жол ашылады. Сондай-ақ, 19 маусымда «Байқоңырда бизнес мүмкін бе?» тақырыбымен интернет форум өтеді. Онда жұлдызды қалашықта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері кеңінен айтылады.
Бұл туралы бүгін Өңірлік Коммуникациялар Қызметінде облыстық индустриалық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Еламан Жолмырза Қайыпұлының қатысуымен өткен баспасөз-конференциясында мәлім болды. Жолмырза Қайыпұлының мәлімдеуінше, 2017 жылдың 4 айында өнеркәсіп өндірісінде өндірілген өнім көлемі 236,3 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 96,8 пайызды құрады. Есепті кезеңде 2 274,2 мың тонна шикі мұнайы өндірілген. Соңғы 3 жылда өңдеу өнеркәсібі тұрақты өсімді көрсетуде. Есепті кезеңде бұл салада өндірілген өнім көлемі 10,8 пайызға артып, 34,0 млрд.теңгені құрады. Жалпы өнеркәсіптегі үлесі – 14,3 пайыз.
Жыл басынан бері облысымыздағы мұнай операторларымен 586,5 мың тонна мұнай өндірілді, бұл көрсеткіш 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 88,8 пайызды құрайды.
2017 жылдың 4 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 37.9 млрд.теңге құрап, нақты көлем индексі 116,6 пайыз құрады яғни өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 16,6 пайыз өсті.
Индустрияландыру бағдарламасының іске асырылу барысы 2017 жылдың сәуір айында бірінші бесжылдықта іске қосылған 17 жобаның 11 жобасы өнім өндіруді қамтамасыз етіп, жоспарлы қуаттылықты 50-100 пайыз аралығында меңгерді.
Бағдарламаның екінші бесжылдығы аясында құны 610 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,2 мың адамды жұмыспен қамтитын 24 жоба жүзеге асырылатын болады. 2016 жылдың желтоқсан айында «Арал Тұз» акционерлік қоғамы «Ас және техникалық тұз өндіретін испан технологиясы бойынша жұмыс жасайтын 2-ші цехты іске қосты.
Нәтижесінде, кәсіпорын 2016 жылы өндірісінің қуаттылығын ұлғайтты, шет елдерге 60 пайыз өнімін экспорттады және экспорт көлемін 40 есеге көбейтті. Қосымша жаңа 200 жұмыс орыны құрылды. Сонымен қатар, сәуір айында Республикалық индустрияландыру Картасына 2 ірі жоба қосылды. Олар «Шалкия» кен байыту фабрикасы және «Аралсода» АҚ кальцийлендірілген сода жобалары. Бүгінде өңірде құрылған 8 индустриялық аймақтың жалпы көлемі 894,9 га құрайтын 6 индустриялық аймақ жұмыс жасап, онда жалпы құны 129,2 млрд.теңге құрайтын 38 жоба іске асырылуда. Оның ішінде құны 1 млрд.теңге құрайтын 10 жоба іске асырылып, 200 аса жұмыс орны құрылған.
 
Қызылорда облысының
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз