Өңірдегі байырғы өндіріс қайта жанданды (видео)

93

0

Өңірдегі байырғы өндіріс қайта жанданды (видео)Қызылорда облысы Қазалы ауданында байырғы кәмпит өндірісі қайта жанданды, деп хабарлайды 24.kz. 

Өткен ғасырдың екінші жартысында осы өлкедегі кірпіш зауыты жанынан шығарылған кондитерлік тәттілер күллі Қазақстанға тарайтын. Бүгінде кәмпит жасаудың көне сүрлеуі жаңа технологияның көмегімен жаңғыра бастады. Санаулы ғана шағын құрылғылар тәулігіне 500 келі өнім шығаруға қауқарлы. Кезінде бұл жұмыс қолмен жасалды. Шикізатты қайнатып, илеп, қалыпқа келтіргенше жұмысшылар біраз күш жоғалтатын. Қазір барлығы автоматтандырылған. Өткен ғасырдың екінші жартысында қоғам арасында «Қазалы кірпіш зауытының ащы кәмпиті» деп танылған өнімді қайта шығаруды жеке кәсіпкер Патима Қазбергенова 3 жыл бұрын қолға алған. Бұл өндіріске мемлекет тарапынан қолдау жасалып, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 18 млн. теңге несие берілді. Жыл сайын Қазалыда кәсіп бастауға бел буғандар қатары артып келеді. Мәселен, тек биыл ғана аудан тұрғындарына 367 млн. теңге несие үлестірілген. Шағын бизнесті ширатуда шағын несиенің көмегі көп. Айта кетейік, бағдарлама басталған 4 жылда ауданның 342 тұрғынына мемлекеттен осындай қолдау жасалған.
 
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз