Реформа дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде Қазақстанның орнын жақсартуға мүмкіндік береді

48

0

Реформа дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде Қазақстанның орнын жақсартуға мүмкіндік береді Дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингісіне сәйкес құрылысқа рұқсат
беру индикаторы бойынша Қазақстан 154-орынды иеленді. 2014 жылы бұл
көрсеткіш бойынша 152 орынды иеленген болатынбыз. Осыған байланысты 2016
жылға қарай дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингісінде құрылысқа
рұқсат беру индикаторы бойынша Қазақстанның позициясын жақсарту
жоспарлануда. Аталған талап Елбасымыздың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам
баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» институттық реформасында
нақты көрсетілді.
Ұлт жоспары бойынша рұқсат алуды оңтайландыру, құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы (30-20-10) қағидаты енгізілді.
Бірінші саты бойынша – сәулет-жобалау тапсырмасын беру өтініш берілген
күннен кейін 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Екіншісі–эскиз жобаны 20
күнге дейін мақұлдау, үшіншісі – рұқсатты 10 күн ішінде беру көзделуде.
Яғни, тиісті барлық рұқсат 30 күн ішінде берілуі тиіс. Бұл реформа
дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингінде Қазақстанның орнын
жақсартуға мүмкіндік береді.
Жалпы, бұрын құрылысқа рұқсат алу тәртібі 25 рәсімнен, дайындау кемінде
183 күнді талап етсе, қазір қолданыстағы заңнама талаптарына енгізілген
өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес бұл тәртіп 7 рәсімнен тұрады,
рұқсат алу 16 күннің ішінде жүзеге асырылады.
Аталған түзетулерге 2015 жылдың 22 сәуірінде Қазақстан Республикасының
Президенті қол қойып, олар құрылысқа қатысты барлық мемлекеттік
мекемелер мен кәсіпорындардағы арнайы ақпараттық стенділерді
орналастырылды. Сонымен қатар басқарма тарапынан 3 мемлекеттік қызмет
көрсету регламенті бекітілді.
Мұрат ТІЛЕУІМБЕТОВ,
Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз