Әрекет еткенге – береке кірер

43

0

Әрекет еткенге – береке кірерСыр халқының
тіршілік тірегінің өзегі ауылшаруашылығы саласы. Көктемнің бір күнің жылға азық
еткен Жалағаш ауданы Аққұм елді мекенінің диқандары бүгінде дақыл егу
жұмыстарын аяқтады. Қарбалас науқанды артқа тастап, егістігің жатқызып, малың
өргізіп отырған ауылдың қожалық төрағаларымен іссапар аясында әңгімелесіп
қайтқан едік.

Тірлігі
толайым, шаруасы мығым «Бақдәулет» шаруа қожалығының құрылғанына көп бола
қойған жоқ. Айналасы үш жылдың ішінде барлық құрылымдау саласын жолға қойған
қожалық төрағасы Серік Шуақбаев үлесіндегі жер телімдерін түгелдей игеріп,
жалпы 750 гектар
жерге күріші мен бидайын және жоңышқасын бастырып болған. Жаңа техникаларымен
қамтамасыз етілген қожалық бүгінде асыл тұқымды жылқы басын көбейтуге де назар
аударып отыр.

Егін салып
әрі мал шаруашылығын дөңгелетіп отырған ұжымда 70 жуық жергілікті тұрғындар
жұмыс істейді. Ауылдастарына жұмыс беріп әрі айлық жалақысын уақытында өтеп
тұрған қожалық төрағасының көргеніментүйгенімол екені көрініп тұр.

Әлбетте,
мемлекетте істің көзің, заманның лебін білетіндерге үнемі қолдау танытып
келеді. Тіршілік қылған шаруаға мемлекеттің де қолдауы шаш етектен. Үкімет
тарапынан жасалып жатқан түрлі қолдауларды тиімді пайдалана білген төраға
былтыр «Сыбаға» бағдарламасы арқылы Батыс Қазақстан облысынан 62 бас қазақтың
ақбас тұқымды сиырын сатып алып, жерсіндіріп көбейтіп әрі бордақыға байламақ
ойын айтты. Сондай-ақ өз қаражатына жаңа техникалар мен асыл тұқымды онға жуық
жылқы сатып алған, ағылшын – араб шатыс кәнігі сәйгүліктерді баптап, жаратып
дүбірлі додалардың көрігін қыздыруды көздеп отыр.

Қазақтың жаны әлбетте ауыл екені мәлім. Ауылда
туып, туған жердің қадірін білетін азаматтың бірі Ерболат Баймұратов. Ол
басқаратын «Жамбыл» шаруа қожалығы бүгінде кәсібін дөңгелетіп отырған
шаруашылықтың бірі. Биыл қайта құрылымдаудан өткен қожалық жаңа техникалармен
толықтырылған. Егістікке қажетті дала техникалары мен агрегаттарды көрші
Ресейдің Барнауылынан әкелінген. 375
га жерге күріш дақылын, 73 гектарға жоңышқа тұқымы
орналастырылған. Жиырмадан астам ауылдастарына жұмыс тауып беріп отырған
қожалық төрағасы науқан уақытында елуге жуық жұмысшылар тартылатынын айтты.
Отандық өнімді қолдануды өзімізден бастап жатқан қожалық сырдариялық «Мағжан и
К» серіктестігінің тұқым зауытынан 80 тонна Янтарь күріш сорты мен жоңышқа
сатып алып, бүгінде егу жұмысын аяқтап, суға бастырып болды.

– Елбасы Н.Назарбаевтың
өзі ауылшаруашылығы саласын серпінді дамыту тұрғысында тиісті міндеттер жүктеп
келеді. Ал оны орындау өңірлердегі біз сияқты шаруа қожалықтарынан бастау алуы
керек. Жер өңдеп, мал өсірген әр қожалыққа Үкімет қажетті қолдау көрсетуде. Түрлі
жеңілдіктер, субсидия алудамыз. Осындай мүмкіндіктерді мүлт жібермей қажетті
техникалар сатып алудамыз. Мемлекеттің қолдауы, тынымсыз еңбектің нәтижесінде
жағдайымыз жақсарып келеді. Жағдайымыз жақсы екен деп қарап отыруға тағы
болмайды. Заманның ағымына қарай жаңашылдыққа бет бұруымыз керек – дейді, «Жамбыл»
ШҚ төрағасы Ерболат Аманұлы.

Шаруа қожалықтарының
ертеңіне үмітпен қарайтын ауылдастары қосылып бір жағадан бас, бір жеңнен қол
шығарып, береке – бірліктің нәтижесінде жұмыс істеп жатыр. Жұмысшыларыныңжағдайын
жасап, жалақысының уақытылы төленуі, еңбектің бағаланғанына балайды.

Сонымен
қатар, қос шаруашылық қоғам болып қол созатын ортақ істерден шет қалмады. Қожалық
басшылары мүмкіндігінше ауыл ардагерлерін, тұрмысы төмен отбасына, батыр аналар
мен мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолғабыс беріп, қаржылай немесе
әлеуметтік пакет жағын мереке сайын ұйымдастырып тұрады.

Ауылдағы
атқарылып жатқан жұмыстарды, шаруашылықтың жайын таныстырып, жол бастап жүрген аудандық ауылшаруашылық
бөлімі басшысы Серғазы Нұрымбет пен ауылдық округ
әкімі Темірбек Төлегенов, «Халықпен етене
байланыс орнатып, тығыз қарым – қатынас жасағанда ғана іс тынады” – дейді.

– Ауыл үшін
әлбетте, әлеуметтік нысындардың маңызы зор. Биыл «Бақдәулет» қожалығы ауыл
тұрғындарына өз қаржысы есебінде 40 орындық монша, 300 орындық тойхана және
минимаркет салуды жоспарлап отыр. Құрылыс жұмыстары жуық арада басталады.
Қажетті жер телімдері мен құжаттары дайын. Сондай-ақ, «Жамбыл» ШҚ, «Аққұм Жер»
ЖШС ауыл халқын қолдау, көмектесу мақсатында ауылдық әкімдікпен бірігіп жұмыс
істейді. Елді мекенде амбулаториялық емхана халыққа қызмет көрсетеді. Үш жыл
бұрын жаңадан ауылдық клуб ашылды. Ауыл үшін ең қажетті нысандар жұмыс істеп
тұр. Жақын арада олардың қатарына жоғарыда аталған бірнеше әлеуметтік нысандар
қосылады. Әлбетте, мұның барлығы аудан әкімі Талғат Дүйсебаевтың ауылдық жерді қолдауының,
аудандағы әр ауылға деген оңды көзқарасының нәтижесі – дейді, ауыл әкімі.

Міне, ауылдың
жағдайы осындай. Қайнаған тірліктің ортасы. Көктемгі дала жұмыстары басталғалы
диқандарда тыным жоқ екені айтпаса да түсінікті. Алты ай қыстың қамын жаз
ойлайтын ағайын ерте көктемнен бастап күзгі қамбаның қарекетінде. «Әрекет
еткенге – береке кірер» бұл ауылдың қалыптасқан қағидасы.

Нұрбек
Дәуренбеков,

Жалағаш ауданы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз