Рекорд жаңартқан Максим темір тұлпар мінді

92

0

Рекорд жаңартқан Максим темір тұлпар міндіАлматыда стенд атудан Александр Асанов атындағы мергендер клубының Гран-при республикалық турнирі өтті.

Оған Астана, Алматы қалалары, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау және Қызылорда облыстарынан 43 спортшы қатысты.

Қызылорда облысының намысын қорғаған Максим Коломоец ерлер арасында траптан жеңімпаз атанып, Қазақстан рекордын жаңартты.

Турнир қорытындысында Қазақстан бойынша рекорд жаңартқан Максим сыйлық жүлдесі темір тұлпарды мініп, диплом және медальмен марапатталды. Сондай-ақ, әйелдер арасында траптан Айжан Досмағанбетова күміс жүлдені еншіледі.

Енді Максим үстіміздегі жылдың 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында Кипрдың Ларнака қаласында болатын Әлем кубогында бақ сынайтын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз