Ресей \»Байқоңыр\» ғарыш айлағына байланысты күтпеген шешім қабылдады

68

0

Ресей "Байқоңыр" ғарыш айлағына байланысты күтпеген шешім қабылдадыРесей «Байқоңыр» ғарыш айлағынан тәуелсіз болуды армандап, Қиыр Шығыста «Восточный» жаңа ғарыш айлағын салған. Алайда, немістің Der Spiegel басылымы бұл еңбек зая кетті деп жазады, себебі сынақ ұшулары алдағы уақытта тек Қазақстандағы алаңнан жүзеге асырылады.
Басылымның мәліметінше, Мәскеу «Восточный» ғарыш айлағын пайдалануға қатысты өз жоспарын кенеттен өзгерткен: «Союз» кемелерінің орнын басады деген «Федерация» кемелері тек «Байқоңырдан» ұшырылады. «Мұндай шешім ресейлік ғарыш бағдарламасында түбегейлі өзгеріс алып келеді», – деп келтіреді мақаланың үзіндісін ИноТВ. Сібірдегі ғарыш айлағы Ресейдің ең ірі құрылыс жобаларының бірі болған. Оған 5,3 миллиард еуро жұмсалған. Алайда мердігерлерге ірі қаражат жымқырды деген айып тағылған. «Ресейдің осы ғарыш айлағымен өз мүмкіндіктерін тым асырып ойлағаны анық», – деп жазады басылым. Ресей "Байқоңыр" ғарыш айлағына байланысты күтпеген шешім қабылдады

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз