Ресей үкіметі Байқоңырды «ЕХРО2017» көрмесіне дайындау ұсыныстарын қарастыруда

43

0

Ресей үкіметі Байқоңырды «ЕХРО2017» көрмесіне дайындау ұсыныстарын қарастырудаРесей Федерациясының үкіметі Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағында ЕХРО-2017 нысандарын салу туралы қазақстандық тараптың ұсынысын қарастыруда, деп хабарлайды BNews.kz облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы бастығының орынбасары Құрманқұл Датқабековке сілтеме жасап. 
ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі кезінде түрлі елдерден келген туристер баратын нысандардың тізіміне Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағы, сондай-ақ Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешені еніп отыр.
Осыған орай, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы ЭКСПО-2017 көрмесінің өтуіне байланысты Байқоңыр қаласының туризмдік инфрақұрылымын дамыту жоспарына бірқатар ұсыныстар жасаған. Негізінен, бағдарламаны Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті «Қазғарыш» ұлттық ғарыш агенттігімен бірлесе әзірлеуде. Ал басқарма инфрақұрылым мен туризм нысандарын орналастыру бойынша ұсыныстар енгізген. Қазір тиісті құжаттар Ресей Федерациясының Үкіметімен келісілуде, жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін. 
Қызылорда өз тарапынан ғарыш айлағында екі көрініс алаңын салуды, Байқоңыр қаласында екі қонақ үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді, қазір жұмыс жасап тұрған Байқоңыр мұражайын кеңейтуді, аталған аумаққа шетел азаматтарының кіруін рәсімдеу мерзімін 55 күннен 30 күнге қысқартуды ұсынып отыр.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз