Ресейғарыш туристерге ғарыш айлағын ашпақ

53

0

Ресейғарыш туристерге ғарыш айлағын ашпақҚазАқпарат – Ресейғарыш Байқоңыр (Қазақстан) және Шығыс (Ресей) ғарыш
айлақтарында туристік бағытты дамытуға ниетті, деп жазды «Известия»
газеті. Мемлекеттік корпорация келушілерге қызмет көрсетпейді, мұнымен
туристік операторлар айналысады деп көзделген.

Ресейғарыштың ресми
өкілі Игорь Буренковтың сөзіне қарағанда, қажетті инфрақұрылымдық
өзгерістерден кейін туристерге қызмет көрсететін операторлар ашық түрде
таңдалады.

lenta.ru хабарлағандай, Буренков қазір ғарыш айлағына турист ретінде баруға
болатынын, алайда бұл қиынға соғатынын атап өтті. «Экскурсиялар жүйелі
түрде емес, ұшыру бойынша қызмет көрсетуге тартылған кәсіпорындармен
келісімшарт бойынша бір реттен ұйымдастырылады», – деді ол. Сондай-ақ
туристерді қабылдауға тиісті инфрақұрылым жоқ. Байқоңырда екі қонақ үй
бар, алайда ұшыру кезінде олар лық толып кетеді.

Жердегі ғарыш инфрақұрылымы нысандарын қолданысқа
беру орталығында мәлім еткендей, инфрақұрылым мәселесін алдағы екі
жылда, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дейін шешу
керек. «Жүзден астам елден екі-үш миллион қонақ келеді деп күтілуде.
Бір жүйеге келтіріп, мүмкіндіктерді тиісті деңгейде пайдалануға болады»,
– деді орталық бас директорының м.а. Ранохон Джураева.

РФ Премьер-министрі Дмитрий Медведев тамыз айында
Шығысқа барғанда ғарыш айлағын туристік орынға айналдыруға болатындығын
айтқан, деп жазды «Интерфакс».

24 тамызда Ресейғарыш ғарыш айлағын дамытуға 900
миллиард рубль бөлуді сұраған. Мемлекеттік корпорацияның
ғылыми-техникалық кеңесі басшысы Юрий Коптевтің сөзіне қарағанда, 560
миллиард Шығыстағы ұшыру алаңдарының құрылысы мен оның инфрақұрылымын
дамытуға бағытталуы тиіс.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз