Ресейлік инвесторлар Қызылорда әуежайына терминал салып бермек

43

0

Ресейлік инвесторлар Қызылорда әуежайына терминал салып бермек  Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік (МЖС) шеңберінде іске қосу жоспарланған Қазақстанның 12 жобасы Мәскеуде өткен халықаралық тәжірибелік конференцияда таныстырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Іс-шара мақсаты – қазақстандық МЖС жобаларын іске асыруға ресейлік және өзге де халықаралық инвесторларды жұмылдыру. «Конференцияға Қызылорда, Маңғыстау және Ақмола облыстары, Қазақстандық МЖС орталығы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қатысуда, олар әлеуетті ресейлік инвесторларға МЖС саласындағы өз жобаларын таныстыратын болады», – деп атап өтті Қазақстанның Ресейдегі Сауда өкілінің орынбасары Гүлжан Бодықова. «МЖС бағытындағы 300 жоба енген портфельдің жалпы санының 21-і – республикалық және 270-і жергілікті деңгейдегі жобалар», – дейді «Қазақстандық МЖС орталығы» АҚ-ның бас сарапшысы Ерлан Жакин. Сондай-ақ Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Евгений Ким Мәскеуде таныстыру үшін өз өңірінен алып келген МЖС жобалары туралы айтып берді. Олардың саны – бесеу.
«Бұл Қызылорда қаласы әуежайының халықаралық терминалының, 200 орындық жатақханасы бар 600 білім алушыға арналған кәсіби-техникалық лицейдің, Қызылордадағы емхананың және ауыр атлетика орталығының құрылысы мен қаланың сол жағалауын дамыту жобасы. Сондай-ақ біз Байқоңыр бойынша бірнеше жобаны ұсынатын боламыз», – деп жеткізді Е.Ким. Облыс таныстыратын жобалардың жалпы құны 37 млрд. рубльге жуықты немесе 195 млрд. теңгеден астамды құрайды.
Қызылорда өңірі басшысының орынбасары атап өткендей, ресейлік инвесторлар Қызылорда қаласы әуежайының халықаралық терминалын салу жобасына қызығушылық білдірді. Өз кезегінде «ВИС» құрылыс компаниялары тобының бас директоры Игорь Снегуров Қазақстан бизнес үшін жайлы мемлекет екенін атап өтіп, ірі МЖС жобаларында және 1,5 млрд. рубльден асатын концессияларда серіктес табуға ниеті жөнінде жеткізді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз