Ресейлік танымал әнші көз жұмды

48

0

 
«Иванушки International» тобының бұрынғы солисі Олег Яковлев жүрегі тоқтап, қайтыс болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 
Әншінің көз жұмғаны туралы оның құрбысы, продюсер Александра Куцевол хабарлаған. «Әншімен қоштасу рәсімі қай күні өтетіні туралы қосымша хабарлаймыз. Оның денесі жерленбейді, кремация жасалады», – деп мәлімдеген Куцевол. Продюсер Олег Яковлевтің соңғы кезде денсаулығы дұрыс болмай жүргенін айтқан. Бір сәтте ғана әншінің жағдайы нашарлап, ауруханаға жеткізілген. «Иванушки International» тобының екінші мүшесі Кирилл Андреев Яковлевтің өліміне қатты қайғырып отырғанын айтып өткен. 
«Соңғы рет бір жарым ай бұрын кездескенбіз. Тіпті бірлесе клип түсіру жоспарымызда бар еді», – деген Андреев. Әнші 47 жасында өмірден өтті. Яковлев 1998-2003 жылдар аралығында «Иванушки International» тобының құрамында өнер көрсеткен.      

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз