Республикалық футбол турнирінен жүлделі қайтты

52

0

Республикалық футбол турнирінен жүлделі қайттыРеспубликалық » Былғары доп-Кока кола » турнирінде Жаңақорған ауданының өрендері қола жүлдегер атанып қайтты. 
Аудан орталығындағы №169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектептің 1999-2000 жылдар аралығында өмірге келген жасөспірімдерінен құралған команда аталмыш жарыстың облыстық сатысында барлық қарсыласын орта жолда қалдырып, бірінші орын алған еді. Соның нәтижесінде республикалық жарысқа жолдама алып, онда да облыс намысын абыроймен қорғап қайтты. Алматы қаласында өткен республикалық турнирге еліміздің барлық аймағынан өрендер келіп, бірнеше күн бойы жасыл алаң төрінде шеберлік байқасты. Олардың арасынан Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау командалары жартылай финалға жолдама алған еді. Сыр өңірінің өрендері осылайша жүлдегерлер қатарынан көрініп қайтты. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз