Республикалық «Шартты түрде» профилактикалық шарасы

135

0

Республикалық «Шартты түрде» профилактикалық шарасы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №89 ж/қ 09.06.2017 жылғы  бұйрығының негізінде, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аумақтық пробация қызметтерінің есебінде тұрған  қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу, сондай-ақ іздеуге жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында 2017 жылдың 12-16 маусым күндері аралығында Республикалық «Шартты түрде» профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында Байқоныр қалалық пробация қызметіне іс-шара өткізуге Ресей Федерациясының Ішкі істер басқармасының учаскелік полиция бөлімшесінен он учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылып, қызметкерлер күшейтілген қызмет түріне көшірілді.
Қызылорда облысы бойынша Байқоныр қалалық пробация қызметімен және Ресей Федерациясының Ішкі істер басқармасының учаскелік полиция бөлімшесінен он учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, сотталғандарды тұрғылықты жерлерінен тексеру жұмыстарын жүргізіп, тәрбиелік мағынада сұхбаттар жүргізді.
 Іс шара барысында екі сотталғанның жаза өтеу талаптарын бұзғандығы анықталып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған сотталғандарға қатысты қалалық сотқа бас бостандығын айыру жазасына ауыстыруға ұсыныс жолданды.
Н.С. Баймурзаев
әділет капитаны 
Байқоныр қалалық
ПҚ-нің бөлім бастығы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз