Республикалық турнир аяқталды

54

0

Республикалық турнир аяқталды26-28 мамыр  аралығында Қызылорда қаласында КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевтың жүлдесіне арналған футболдан 2005 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир аяқталды. Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Жамбыл, Қызылорда облыстарынан  10  команда 200-дей спортшы қатысты.
Турнир нәтижесінде Жамбыл облысының Тараз қаласының командасы көш бастаса,  екінші орынды Сырдария ауданы, үшінші орынды Қызылорда облысының №6 футбол жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің командалары иеленді.  
Жарыста «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Асқар Сарымбетов (Сырдария),  «Үздік қорғаушы» Виталий Марков (Тараз қ.), «Үздік жартылай қорғаушы» Андрей Ким (Сырдария), «Үздік шабуылшы» Ислам Алпысбай  (Қызылорда), «Үздік ойыншы» Олег Салтаков (Тараз қ.) марапатталды.
Жеңімпаз, жүлдегер командаларды және үздік ойыншыларды Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов, облыстық футбол федерациясының бірінші вице-президенті Болат Көшербаев және «Қайсар» ФК директоры Эдуард Глазунов марапаттады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз