«Өрлеу» аясындағы өрісті іс

53

0

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы «Әлеуметтік көмекті оның атаулы сипатын күшейте отырып, оңтайландыру» атты 84-ші қадамын жүзеге асыру мақсатында аймақта ауқымды істер атқарылуда.     

Биыл өңірдегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік келісім шарт негізінде шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсетуге бюджеттен 145,3 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 86,3 млн.теңге қаралып отыр, деп хабарлайды облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру бағдарламасы мамандары.    

Жарты жыл шеңберінде 2623 адамға (445 отбасы) 89,1 млн. теңгеге шартты ақшалай көмек тағайындалып, 2515 тұрғынға (429 отбасы) 54,6 млн. теңгеге көмек төленді. Шартты ақшалай көмектің орташа айлық мөлшері 5663 теңгені құрады.    

Шартты ақшалай көмек алып отырғандардың 65%-ын 18 жасқа дейінгі балалар, 0,2 пайызын зейнеткерлер, 0,8% барлық топтағы мүгедектер, 2,5% күндізгі оқу нысанында оқитын студенттер, 10,0% бала күтімімен отырғандар, 21,5% еңбекке жарамды жастағылар құрап отыр.    

Жоба аясында әлеуметтік келісімшарт негізінде ШАК алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды 519 жұмыссыз азаматтың барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 277 адам тұрақты, 234 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз