Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті

50

0

Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өттіҚызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде «Бизнестің жол картасы – 2020»,  «Агробизнес – 2020» кәсіпкерлерді қолдау мемлекеттік бағдарламаларының Қызылорда облысы бойынша жүзеге асырылуы 2013 жыл ішінде  және 2014 жылға арналған жоспар нәтижелері, «Ауыл шаруашылық Кредиттік Серіктестігі» АҚ-ның ағымдық жұмыстары, несие алу барысындағы құжаттар тізімінің азайтылуы және кепіл құны сияқты  әкімшілік сұрақтар мәселелері талқыланды.
 «Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының» ҚР заңына сәйкес Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік бақылау жүргізеді. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасының жүргізілу сапасын сараптайды. Бақылау нәтижесі бойынша әрбір жобаның ағымдық жағдайы қаралып, проблемаларды анықтап, оның шешілуіне байланысты сәйкес ұсыныстар жасалады.  Мәселен, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының 2010-2013 жылдар аралығында жүзеге асырылуына Қызылорда облысына 5,6 млрд. тенге (ҚР бойынша 4,6%), Республика бойынша 119,4млрд. теңге бөлген. Бағдарламаның жүзеге асырылуына бөлінген қаражаттың 62% игеріліп, 38% яғни 2115,55 млн. теңге игерілмей қалған. 2010-2013 жылдар аралығында Қызылорда облысында 151 жоба іске асып, соның ішінде тек 24 жоба Қызылорда облысының аудандарында жүзеге асырылған.
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұхамед Әбсаттаров «Мемлекеттік бағдарламалар ШОБ кәсіпкерлерін қолдауға  және экономиканың дамуына бағытталған. Сондықтан аймақтағы өз бизнесін бастағысы немесе дамытқысы келетін кәсіпкерлерге сапалы дәрежеде қолдау көрсетілуі керек және Кәсіпкерлер Палатасы осы көмекті қажет  ететін кәсіпкерлер шеңберін кеңейтуге ат салысуға дайын» дейді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз